Қазақстанда жүргізушілердің миллиардтаған теңге айыппұлы кешірілуі мүмкін

Қазақстанда жүргізушілердің миллиардтаған теңге айыппұлы кешірілуі мүмкін
ЖИ: Dalanews.kz

Мәжілісте әкімшілік рақымшылық туралы заң жобасы қарала бастады. Депутаттардың айтуынша, рақымшылық аясында негізінен Ішкі істер министрлігі салған айыппұлдар есептен шығарылуы мүмкін. Бұл көбіне жол қозғалысы ережесін бұзуға қатысты айыппұлдар, деп хабарлайды dalanews.kz.

Әңгіме тек айыппұлдардың өзі туралы емес, сонымен қатар жылдар бойы жиналған өсімпұлдар жөнінде де болып отыр. Алдын ала мәлімет бойынша, кешірілуі мүмкін қарыздардың жалпы көлемі миллиардтаған теңгеге бағаланып отыр.

Алайда барлық құқықбұзушылық рақымшылыққа ілінбейді. Адам өміріне қауіп төндіретін өрескел ереже бұзушылықтар кешірілмейді. Олардың қатарында қызыл шамға өту, жылдамдықты шамадан тыс асыру және мас күйінде көлік жүргізу бар.

Ал қауіпсіздік белдігін тақпау немесе көлік жүргізу кезінде телефон қолдану секілді кейбір әкімшілік айыппұлдар есептен шығарылуы мүмкін.