Instagram әлеуметтік желісінде Атырау облысында қаза тапқан адамдарға қатысты жасанды интеллект көмегімен дайындалған видео тарады, деп хабарлайды dalanews.kz.
Видеода марқұм болған төрт адамның бейнесі сөйлеп тұрғандай көрсетілген. Олар өз ренішін айтып жатқандай әсер қалдырады. Алайда видеодағы сөздер марқұмдардың өз дауысы немесе нақты айтқан пікірі емес. Бұл – жасанды интеллект арқылы көркемделіп жасалған контент.
Аталған видеоны Instagram желісіндегі avatar_elite парақшасы жариялаған.