Алматы облысы пайдаланылған ауыл шаруашылығы жерлері мемлекет меншігіне қайтарылуда

Жарбол Кентұлы 05 қар. 2024 20:14 2009

2024 жылдың басынан бері Алматы облысында пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы жерлерін мемлекет меншігіне қайтару бойынша шаралар қолға алынған болатын. Алматы облысының Жер қатынастары басқармасының мәліметтері бойынша, өңірде пайдаланылмай келген 1322 жер учаскеген бөлінген 393,1 мың гектар жер анықталды. Ал 2023 жылы бұл көрсеткіш 612,8 мың гектарды құраған болатын, – деп хабарлайды Dalanews.kz Алматы  облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Басқарма басшысы Аманжол Кенесбаев бұл жұмыстың ауыл шаруашылығын дамыту және жер ресурстарын тиімді пайдалану үшін маңыздылығын атап өтті.

– Пайдаланылмай жатқан жерлерді мемлекет меншігіне қайтару – облыстың жер ресурстарын тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін стратегиялық міндет. Біз әр гектар ауыл шаруашылығы жері қоғам мен экономикаға пайда әкелуі үшін жұмыс істеп жатырмыз, – деді Аманжол Кеңесбаев.

Қазіргі уақытта 81,4 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды, бұл жоспардың 102%-ына сәйкес келеді. 2023 жылы бұл көрсеткіш 224,0 мың гектарды құраған.

Билік 2024 жылдың соңына дейін тағы 70,0 мың гектар жерді қайтаруды жоспарлап отыр, ал бүгінгі күні жоспардың орындалу деңгейі 116%-ды құрады.

Кейбір жағдайларда пайдаланылмай жатқан жерлер сот шешімдері арқылы мемлекет меншігіне қайтарылады. Мысалы, жалпы көлемі 31,9 мың гектар болатын 63 жер учаскесі бойынша жалға алу шарттарын бұзу туралы сот шешімдері қабылданды.

Сонымен қатар, көлемі 49,4 мың гектар болатын 246 жер учаскесі ерікті түрде және басқа да жолдармен мемлекет меншігіне қайтарылды.

Жер қатынастары басқармасы сондай-ақ жерге салынатын салықтың тиімділігін арттыру үшін 162,3 мың гектар жерге арналған 454 материалды 20 есе салық ставкасын арттыру үшін хат жібергенін хабарлады.

Мемлекеттік кірістер департаментіне 18,2 мың гектар жерді қамтитын 164 учаске бойынша жоғары салық ставкаларын қолдану үшін материалдар жіберген. Қазіргі уақытта басқармада тағы 74,3 мың гектар жер бойынша жұмыс жүргізілуде.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар