Биыл ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқабы 461,6 мың гектарды құрады, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Алдағы уақытта: 177,6 мың гектарға ылғал жабу, 33,8 мың гектарға күздік дақылдарды тырмалау, 162,5 мың гектарға көктемгі жер жырту жұмыстары жүргізіледі.
Көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге, жалпы көлемі 1 517 тонна дизель отынына, 148 ауыл шаруашылығы тауарөндірушісінің өтінімі мақұлданды.
Көктемгі дала жұмыстарына қатысатын техникалардың дайындығы 94% құрайды.
Облыста барлығы 13,4 мың дана ауыл шаруашылығы техникасы бар, оның ішінде 7,9 мың данасының тозығы жеткен. Ауыл шаруашылығы техникасының паркін жаңарту мақсатында, 2023 жылы 47,7 млрд. теңгеге 444 бірлік техника, биылғы жылы 340 млн. теңгеге 35 дана жаңа техника сатып алынды.
Көктемгі дала жұмыстарын, қаржылай қолдау мақсатында, дала жұмыстарына арналған "Аграрлық несие корпорациясы" арқылы "Кеңдала" бағдарламасына, бүгінгі күнге 865,2 млн.теңгеге 42 өтінім түсті, қазіргі уақытта жалпы сомасы 399,7 млн. теңгеге 25 тауарөндірушіге несие берілді.