Қуанышбек Қашқымбаев Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының әкімі қызметінен өз еркімен кетті, деп хабарлады әкімнің баспасөз хатшысы.
12 ақпанда өткен жиналыста өз қалауы бойынша қызметінен кететіндігі туралы хабарлағандығы, сондай-ақ әріптестеріне бірлескен жұмыстары үшін алғыс білдіріп, барлығына сәттілік тілегені атап өтілді.
Қуанышбек Қашқымбаев 2020 жылдың 2 шілдесінен бастап Еңбекшіқазақ ауданының әкімі қызметін атқарды.