Амандық Баталов өз баяндамасында Жетісу өңірінде қант қызылшасының өнімділігі артып, биылғы жылы гектарынан орташа 405 центнерді құрағанын, жекелеген шаруашылықтарда – 600-800 центнер болғанын жеткізді.
– Осы жылы Ақсу қант зауытында жомды кептіруге және брикеттеуге арналған жабдықтар орнатылды. Жом – ірі қара малын семіртуде таптырмайтын азық. Ол малға тәулігіне 1,2 келі салмақ қосады. Сондықтан облыстағы бордақылау алаңдары үшін бұл қажетті өнім болмақ.
Сол сияқты 2020 жылдан бастап Ақсу және Көксу қант зауыттары қант құрағы шикізатын өңдеуді бастайды, бұл 2023 жылға қарай 300 мың тонна ақ қант шығарып, елдің 485 мың тонналық сұранысының 60 пайыздан астамын жабуға мүмкіндік береді, – деді Алматы облысының әкімі А. Баталов.
Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі