Алматы облысы әкімінің баспасөз хатшысы Жанна Арынбекова қызметінен кетті

Самал Асқар 12 ақп. 2026 18:15

Алматы облысы әкімінің баспасөз хатшысы Жанна Арынбекова қызметінен кеткенін мәлімдеді,деп хабарлайды Dalanews.kz.

Ол әлеуметтік желідегі парақшасында облыс әкімінің баспасөз хатшысы ретіндегі жұмысын қорытындылағанын жазды. Айтуынша, бұл кезең кәсіби тәжірибе жинақтауға мүмкіндік берген.

«Стратегиялық бастамаларды ақпараттық қолдау, билік пен халық арасындағы ашық диалогты қалыптастыру жолында жауапты әрі кәсіби командамен бірге қызмет еттім. Басшылықпен тікелей жұмыс істеу – жедел шешім қабылдау мен жоғары жауапкершілікті үйретті», – деп жазды ол FaceBook парақшасында.

Сондай-ақ Жанна Арынбекова облыс әкіміне сенім білдіргені үшін алғыс айтып, әріптестеріне және журналистер қауымына ынтымақтастық үшін ризашылығын білдірді.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove