Алматы метросы жолаушылар саны бойынша айлық рекорд орнатты, деп хабарлайды Dalanews.kz.
2025 жылдың қыркүйегінде Алматы метрополитені 3,1 миллионнан астам жолаушыға қызмет көрсетті. Бұл көрсеткіш 2024 жылдың қыркүйегімен салыстырғанда 21%-ға жоғары. Бұл ҚР Ұлттық статистика бюросының қолжетімді деректері бойынша кез келген айдағы жаңа рекорд.
Жолаушылар ағынының өсуі жыл бойы байқалып келеді: 2025 жылдың тоғыз айында ай сайынғы орташа өсім шамамен 14% болды, ал 2024 жылы бұл көрсеткіш орта есеппен 1% болған.
Кейбір тәуліктік рекордтар да жаңарды «Қайрат» пен «Реал» арасындағы матч күні метроны шамамен 143 мың жолаушы пайдаланған.