Алматы қаласының маңайындағы жол инфрақұрылымына қарасты су өткізгіш құбырлардың техникалық жағдайы мен су өткізу қабілеті тексерілді, деп хабарлайды Dalanews.kz
Бұл жұмыс көктемгі қар еру кезеңі мен жауын-шашын кезінде жолдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жүргізілді.

Мамандар тексеру барысында құбырлардың өткізгіштік деңгейін, техникалық жай-күйін және тазалық жағдайын бағалады. Қажет болған жағдайда тазалау және жөндеу жұмыстарын жүргізу бойынша нақты ұсыныстар берілді.
Бұл шаралар жол қозғалысының қауіпсіздігін арттырумен қатар, жолдардың ұзақ мерзімге сақталуына және апатты жағдайлардың алдын алуға бағытталған.