Алматы маңында Көлбаевпен байланысты қылмыстық топтың мүшесі ұсталды

Қаракөз Амантай 13 қыр. 2025 11:45

Алматы маңында Қамшы Көлбаевтың ұйымдасқан қылмыстық тобының (ҰҚТ) мүшесі Асанбек (Қамшы) Көлбаев ұсталды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

"ҚР ІІМ Криминалдық полиция департаменті Алматы маңында қырғызстандық азаматты ұстады. Ол мемлекетаралық іздеуде жүрген. 2008 жылы қылмыстық топтар арасындағы қақтығыс кезінде кісі өлтірді деген күдікке ілінген. Қырғыз Республикасының ІІМ мәліметінше, ұсталған азамат Қамшыьек Көлбаевтың ҰҚТ-сының белсенді мүшесі болған", – делінген сенбі күнгі хабарламада.

Министрлік нақтылағандай, қыркүйек айының басынан бері іздеуде жүрген 81 адам ұсталып, 58 хабар-ошарсыз кеткен адамның қайда екені анықталған.

"Астанада жалпы сомасы 160 млн теңгеден асатын бірқатар алаяқтық әрекет жасаған күдікті ұсталды. Сондай-ақ ТМД елдері мен шетелдерден 28 қылмыскер қолға түсті. Мәселен, елорда әуежайында Молдова ІІМ-і 2013 жылдан бері 150 мың доллар бопсалау және адам ұрлау дерегі бойынша іздестірген Ресей азаматы ұсталды", – деді ведомство.

Айта кетейік, Қамшыбек Көлбаев (Қамшыбек Асанбек) – Қырғызстандағы ең ықпалды қылмыс әлемінің серкесі болған. Ол рэкет, бопсалау және қылмыстық жолмен келген табысты заңдастырумен айналысқан трансұлттық қылмыстық ұйым құрды деген күдікке ілінген. Оның қылмыстық әрекеті Қырғызстан аумағымен ғана шектелмей, Қазақстанды да қамтыған.

2020 жылы ол қылмыстық қауымдастық құрды деген айыппен ұсталып, ірі көлемде кепіл төлеген соң қолхатпен босатылған. 2023 жылы тамызда оған қатысты қылмыстық іс қылмыстардың 2007–2009 жылдары жасалғанына байланысты ескіру мерзімі өтіп кеткендіктен тоқтатылды. Ал 2023 жылғы 4 қазанда Бішкекте арнайы операция барысында Көлбаевты ұстау кезінде ол көз жұмды. Оның өлімінен кейін мемлекет оған және отбасына тиесілі жүздеген пәтерді, автокөліктерді және бизнестегі үлестерді тәркілей бастады.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар