Бүгінде Алматыда КВИ бойынша эпидемиологиялық ахуалдың тұрақтануы жалғасуда. Жыл басынан бері КВИ-дің 162 172 оқиғасы тіркелді, соңғы аптада – 1 073, ал өткен тәулікте – 119 жағдай.
Эпидемиологиялық процестің қарқыны жөнінде ел бойынша эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасында 13 қарашада қала ағымдағы жылдың 24 қазанынан бастап «сары» аймақтан «жасылға» өтті. Бұл қалыптасқан ұжымдық иммунитеттің 56,2%-ының (вакциналанғандардың 48%-ы + жыл басынан бері ауырып сауыққандардың 8,2%-ы), сондай-ақ шектеу шаралары мен карантиндік ережелерді сақтаудың арқасында мүмкін болды.
КВИ бойынша эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру үшін «сары» аймақтағы талаптарды сақтауды «жасылға» көшкеннен кейін кемінде 7 күн бойы жалғастыру қажет. Объектілер мен қоғамдық орындардағы «сары» аймақтың талаптары 21 қарашаға дейін сақталады.
Осыған орай Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қала тұрғындарын COVID-19 қауіпті екенін ұмытпауға шақырды. Еуропа елдерінде, сондай-ақ Ресейде дерттің жаңа өршуі байқалады. Егер алматылықтар санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік шараларын сақтамаса және вакциналануды жалғастырмаса, онда КВИ дертінің жаңа толқынының қайталану қаупі сақталады.
Бүгінде инфекциялық стационарларда 664 адам, оның ішінде 16 бала бар. Пациенттердің жалпы санының 27-сінің жағдайы өте ауыр, 307-сі ауыр, 330-ы орташа ауыр жағдайда. 1 227 пациент үйде АМСК-тің мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының бақылауында.
17 қарашада КВИ-ге қарсы вакцинаны 1 013 983 адам алды. Pfizer Comirnaty вакцинасымен 12 қарашадан бастап 3 240 адам екпе алды, оның ішінде 914 бала емізетін және 334 жүкті, сондай-ақ 18 жасқа дейінгі 1 992 бала.