Светлана Сұлтанғазиева атап өткендей, COVID-19 вакциналарының жаңа штаммдарға қарсы қорғаныс әсері төмендеуі мүмкін, сондықтан ревакциналану ұсынылады.
– Ревакциналану процедурасынан алғашқы вакциналанудан кейін 6 немесе 9 айдан кейін өту керек, бұл коронавирустың жаңа нұсқаларынан дұрыс қорғану үшін қажет, – деді дәрігер.
Спикер Алматыда бар Vero Cell, V Спутнигі және QazVac вакциналарының барлығы «Дельта» нұсқасына қарсы жақсы қорғаныс және профилактикалық қасиеттерге ие екенін атап өтті.
Алматы қаласы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова ревакциналау бұрын егілгендердің қайта егілуі екеніне назар аударды.
– Мұндай вакциналану алдыңғы екпеден соң немесе адам ауырғаннан кейін пайда болған ағзаның иммундық реакциясын қолдауға және күшейтуге мүмкіндік береді. Ревакциналану кезіндеұжымдық иммунитет дербес қалыптаспайды. Аурудың төмендеуі үшін вакциналану және ревакциналанудан соң 75-80% аралығында ұжымдық иммунитет қажет, – деді Әсел Қалықова.
Эпидемиолог қазіргі ахуалдың тұрақтануына және дерттің өсу қарқынының төмендеуіне қарамастан, инфекцияның таралуын азайту туралы әлі ерте екенін атап өтті.
– Ревакциналануды ұзарған сайын, дерттің өршу соғұрлым жоғары болады. Егер біз екпе алып, содан соң ревакциналансақ, онда инфекцияны жеңуге болады, – деп қорытындылады сөзін Әсел Калыкова.
Еске салақ, қазір Алматыда тұмауға қарсы екпе салу жүргізілуде, дәрігерлер иммунитеті төмен тұрғындарға, 60 жастан асқан адамдарға, медицина қызметкерлері мен жабық мекеме қызметкерлеріне екпе жасауды ұсынады.