Freedom Inside '26

Алматы бюджетінде өсім байқалады

Алматы бюджетінде өсім байқалады

Алматыда жергілікті бюджет кірістері бойынша тұрақты өсім байқалады. Бұл туралы қалалық қаржы басқармасынан мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz. 

Жергілікті бюджетке 33,5% өсіммен 719,7 млрд теңге кіріс түсті. Бұл ШОБ өсімі есебінен корпоративтік салықтың 49,4%-ға ұлғаюына байланысты. Сондай-ақ әлеуметтік салық бойынша түсімдердің 52%-ға өсуі қамтамасыз етілді. 

Қаржы басқармасы атап өткендей, Алматының мемлекеттік бюджетке қосқан үлесі 28,6% -ды құрады. 2024 жылғы наурызда қала бюджеті 103,6 млрд теңгеге 1 726,2 млрд теңгеге дейін ұлғайтылды.