Шілде айының алғашқы онкүндігінде елімізде есірткіге қатысты 187 құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде 86 қылмыстық теріс қылық және 101 қылмыс тіркелген, деп хабарлайды dalanews.kz.
Полиция осы кезеңде есірткі сатудың 46 дерегінің, аса ірі көлемде сақтаудың төрт фактісінің, құрамында есірткісі бар өсімдіктерді заңсыз өсірудің 40 жағдайының және есірткіні заңсыз алып өтудің төрт дерегінің жолын кесті.
Құқық қорғау органдары заңсыз айналымнан 266 келі прекурсор мен 760 келі есірткіні тәркіледі. Оның ішінде 121 келіден астамы синтетикалық есірткі болған.
Сондай-ақ Астанада 26 жастағы ер адам ұсталды. Тергеу мәліметінше, одан жалпы салмағы 245 грамм болатын a-PVP синтетикалық есірткісі салынған 227 орама табылған. Күдікті аталған заттарды қала аумағында таратуды көздеген.