Әлем чемпионатына 64 құрама қатысуы мүмкін: ФИФА президенті мәлімдеме жасады

Әлем чемпионатына 64 құрама қатысуы мүмкін: ФИФА президенті мәлімдеме жасады
Фото: Aissa/imago sportfotodienst

ФИФА президенті Джанни Инфантино футболдан әлем чемпионатына қатысатын құрамалар санын 64-ке дейін арттыру мәселесі қарастырылуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды dalanews.kz.

Оның сөзінше, әлем чемпионаты тек Еуропа мен Оңтүстік Америка елдерінің жарысы болып қалмауы керек.

"Әрбір ел әлем чемпионатына қатысуды армандай алуы тиіс", – деді ол.

Айта кетейік, 2026 жылғы әлем чемпионатынан бастап турнирге 32 емес, 48 құрама қатысады. Алайда бұл өзгерісті сынаушылар да бар. Олардың пікірінше, командалар саны көбейген сайын жарыстың деңгейі төмендеп, әлсіз құрамалар арасындағы матчтар артуы мүмкін.