Алматы облысында жол апатынан жеті адам қаза тапты. Олардың бесеуі спортшы, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Бұл туралы Ұлттық сурдлимпиялық комитеттің вице-президенті және Жол қозғалысы қауіпсіздігі қауымдастығының басшысы Арсен Шакуов хабарлады. Оның сөзінше, бүгін түнде футболдан есту қабілеті нашар ардагерлер турнирінен оралған ардагерлер жол апатына ұшырап, сол жерден 5 спорт ардагері қаза тапқан.
Сонымен қатар, жүргізуші мен тағы бір жолаушы қайтыс болды.
Арсен Шакуов қаза тапқан спортшылардың есімін атады.
-
Асыл Ибраимов – есту қабілеті төмен спортшылар арасындағы футбол жаттықтырушысы.
-
Дмитрий Мочальский – шахматтан Сурдлимпиада чемпионы, есту қабілеті төмен спортшылар арасындағы Еуропа чемпионы.
-
Сәкен Смағұлов – есту қабілеті төмен футбол ардагері, ұлттық құраманың мүшесі.
-
Сергей Волковинский – есту қабілеті төмен футбол ардагері, ұлттық құраманың мүшесі.
-
Серік Молдашев – есту қабілеті төмен футбол ардагері, ұлттық құраманың мүшесі.
"Барлығының артында балалары мен немерелері қалды. Мен оларды бала кезімнен жеке білемін, бәрі әкемнің ең жақын достары еді", - дейді Арсен Шакуов.
Еске салайық, қайғылы оқиға туралы бүгін таңертең хабарлаған едік.
