Mercer халықаралық консалтингтік компаниясы жыл сайын өмір сүруге ең қолайлы қалалардың рейтингін (Quality of life city ranking) жариялауды дәстүрге айналдырған.
Аталған рейтингтегі дүниежүзіндегі қалалар келесі көрсеткіштер бойынша бағаланып рейтинг түзеді. Олар – әлеуметтік ортаның сапасы, мәдени өмір, саяси тұрақтылық деңгейі, білім деңгейі, көліктің қолжетімділігі, бизнес үшін тартымдылық.
Mercer агенттігі әлемдегі ең танымал 200-ден астам қаланың өмір сүру сапасын бағалайды. Бұл рейтингке Қазақстан қалаларының ішінен тек Алматы ғана еніп отыр. Ол әлемдегі 231 қаланың ішінде 177-орында.
Сондай-ақ әлемнің 172 қаласының өмір сүру және қызмет көрсету сапасын бағалайтын «Economist intelligence unit» рейтингінде Алматы 100 ұпайдан 65,3 ұпай жинаған.
Осылайша Алматы қаласы тұрақты даму жағынан – 75 балл, денсаулық сақтау – 66,7 балл, мәдениет және экология – 57,6 балл, білім – 66,7 балл, инфрақұрылым – 60,7 балл жинап, үздік қалалардың тобына ілікті. Рейтинг авторлары атап өткендей, бұл өте жақсы нәтиже.