Алматы әкімі Дархан Сатыбалды «Қайрат» футбол клубын тарихи жеңісімен құттықтады

Ақтоты Жапатова 27 там. 2025 13:45

Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды «Қайрат» футбол клубын тарихи жетістігімен – УЕФА Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне жолдама алуымен шын жүректен құттықтады,- деп хабарлайды Dalanews.kz

Әкімнің айтуынша, алматылық команда жоғары шеберлігін, рухының мықтылығын көрсетіп, жанкүйерлеріне зор қуаныш сыйлады және күллі елдің мақтанышына айналды.

«Клубқа алдағы уақытта да жеңістер тілеймін, Еуропа аренасында сәтті өнер көрсетсін! Алматыда жаңа заманауи стадионның салынуы бүкіл қазақстандық футболдың дамуына үлкен серпін беретініне сенімдімін. Жеңіс құтты болсын!», – деді Дархан Сатыбалды.

Еске салайық, Алматыда халықаралық деңгейдегі жаңа футбол стадионын салу жоспарланып отыр. Жобалаушылардың мәліметінше, стадион 35 мың көрерменге есептеліп, УЕФА-ның 4-санат талаптарына сай болады. Жобада жаттығу базалары, жанкүйерлерге арналған демалыс аймақтары, заманауи қауіпсіздік жүйесі және іргелес аумақты абаттандыру қарастырылған.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар