Алматы әкімдігі қала тұрғындарына ағаш көшетін тегін таратып, қаланы көгалдандыруға жұмылдыруда

Dalanews 20 қаз. 2021 13:52 761

Алматыда көшеттерді тегін тарату акциясы қала тұрғындарын көппәтерлі үйлердің аулалары мен жалпы пайдалану орындарын көгалдандыруға тарту мақсатында ұйымдастырылғанын қала әкімі Бақытжан Сағынтаев «Алматы» ТА-дағы Akimat LIVE  бағдарламасының тікелей эфирінде хабарлады, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Көшеттерді тегін тарату акциясы қала тұрғындарын көппәтерлі үйлердің аулалары мен жалпы пайдалану орындарын көгалдандыруға тарту мақсатында өткізіледі.

Шаған, үйеңкі, шегіршін, терек, қараған мен қайыңның көшеттерін көшеттері беріледі. Өтінімдер ағымдағы жылдың 18-31 қазан аралығында қабылданады. Көшеттерді беру аудан әкімдіктерінде жүзеге асырылады. Алматылықтар «Жасыл қала» акциясының алғашқы екі күнінде 500 көшетке өтінім қалдырды.

Ағаш отырғызу 1-15 қарашаға жоспарланған. Отырғызылған көшеттер кейін фотоесеп ретінде  жіберілуі қажет.

Жалпы, 2021 жылы 350 мыңға жуық ағаш отырғызу жоспарлануда, оның 64 594-і көктемде отырғызылды. Күзгі кезеңде 285 мыңнан астам көшет отырғызу жоспарланған.


Қаланың жаңа шағын аудандарын көгалдандыруға ерекше көңіл бөлінеді. Ағаштардың басым бөлігі Алатау, Наурызбай аудандарында отырғызылады.

Бүгінде Түрксіб ауданының Маяк шағын ауданында 280 түп жапырақты ағаш отырғызылды. ШААЖ және Қарағайлы бордың бойына 8 мыңнан астам ағаш отырғызудың дайындығы басталды.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар