Алматы әкімдігі Бостандық ауданында орналасқан "Атакент" көрме кешені аумағындағы 1,5 гектарға жуық жерді сатып алмақ, – деп хабарлайды Dalanews.kz
2025 жылдың 10 сәуірінде қала әкімінің жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қою туралы тиісті қаулысы шыққан. Мемлекет бұл жерге көрме залын салуды жоспарлап отыр. Сатып алғаннан кейін жер қаланың мәдениет басқармасының қарамағына өтеді.
Қоғамдық кадастрлық картаға сәйкес, бұл жер бастапқыда паркингі бар тұрғын үй кешенін салуға арналған.
Билік жердің қазіргі меншік иесі - "Atakent Asia Development" ЖШС-мен өтемақы сомасы туралы уағдаласуы тиіс. Жерді толығымен қайтарып алу 2027 жылдың 31 желтоқсанына дейін аяқталады деп жоспарланған.