Allur халықаралық серіктестікті нығайтты: Алматыда жаңа MG дилерлік орталығы ашылды

Қаракөз Амантай 08 сәу. 2026 12:11

Алматыда Allur компаниясының құрамындағы MG брендінің жаңа дилерлік орталығы ашылды. Бұл оқиға Қазақстан мен Қытай арасындағы өндірістік және экономикалық әріптестіктің жаңа кезеңін айқындап, елдің автокөлік нарығының дамуына серпін берді. Сонымен қатар саладағы халықаралық ынтымақтастықтың нығаюына ықпал еткен маңызды қадам болды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Шара қалай өтті?

Алматының Майлин көшесінде орналасқан жаңа автоорталықтың ашылу рәсімі ресми әрі мазмұнды бағдарлама аясында өтті. Іс-шараға Allur және SAIC Motor компанияларының басшылығы, Шанхай мэрі мен ел үкіметінің делегациясы, Алматы қаласы әкімдігінің өкілдері қатысты.

Ресми бөлімде халықаралық серіктестер мінберге шығып, сөз сөйледі.

SAIC Motor компаниясының төрағасы Ван Сяоцю өз сөзінде Қазақстан нарығының маңызына ерекше тоқталды.

“Бүгін біз MG бренді үшін Қазақстанда жаңа тарихи кезеңді бастап отырмыз. Бұл – біздің елдеріміз арасындағы ынтымақтастықты нығайтатын маңызды қадам. MG – жүз жылдан астам тарихы бар бренд. Бүгінде ол британдық мұраны сақтай отырып, SAIC Motor компаниясының заманауи технологияларымен толыққан”, - деді ол.

Сондай-ақ ол Қазақстанның компания үшін стратегиялық тұрғыдан басым бағыттардың бірі екенін жеткізді.

“Allur компаниясымен бірлесіп біз жергілікті өндірісті іске қосып, модельдерді осы елдің тұтынушыларының сұранысына бейімдей алдық. Бұл – біздің ұзақ мерзімді серіктестіктің нақты нәтижесі.

Алдағы уақытта да біз Қазақстандағы тұтынушыларға озық технологиялармен жабдықталған жаңа модельдерді ұсынып, жоғары деңгейдегі сервисті қамтамасыз етуді жалғастырамыз. Біз үшін бұл нарықтағы тұрақты даму мен сенім – басты басымдық”, - деп қосты ол.

Ал Allur компаниясының дистрибуция жөніндегі вице-президенті Максим Мягчилов MG бренді кейінгі жылдары жаһандық нарықта қарқынды дамып келе жатқанын алға тартты.

“MG бренді – Ұлыбританиядан бастау алған, бүгінде әлемдік нарықта қарқынды дамып келе жатқан марка. Қазіргі таңда ол ірі халықаралық автоконцерндердің бірі – SAIC Motor құрамында жаңа серпін алды”, - деді ол.

Сонымен қатар MG автокөліктері заманауи дизайнды, озық технологияларды, қауіпсіздік талаптарын және баға мен сапаның тиімді үйлесімін біріктіретінін атап өтті.

“Біз үшін бүгінгі дилерлік орталықтың ашылуы – ұзақ уақыт бойы жүргізілген жүйелі жұмыстың нәтижесі.

Қысқа мерзім ішінде біз MG брендімен Қазақстан нарығына шығып, жергілікті өндірісті іске қостық және дилерлік желінің негізін қаладық. Қазірдің өзінде тұтынушылар тарапынан үлкен қызығушылық байқалып отыр.

Алдағы уақытта біз брендтің елдегі қатысуын кеңейтіп, MG автокөліктерін қазақстандықтар үшін барынша қолжетімді етуді жалғастырамыз. Бұл орталық – біздің дамуымыздың маңызды нүктесі және тұтынушылардың сенімін нығайтатын тағы бір қадам”, - деп түйіндеді Максим Мягчилов.

Рәсім барысында компания өкілдері мен құрметті қонақтар сахнаға көтеріліп, дәстүрлі лента қию рәсімін өткізді. Осылайша MG бренді Қазақстандағы жаңа дилерлік орталығында ресми түрде жұмысын бастады.

Содан соң сахнада қазақ және қытай мәдениетін үйлестірген би қойылымы ұсынылды. Бұл көрініс екі ел арасындағы мәдени байланыстың көрінісі ретінде көпшіліктің ықыласына бөленді.

MG қандай көліктер ұсынады?

Іс-шараның келесі кезеңінде қонақтар жаңа дилерлік орталықтың инфрақұрылымымен танысты. Заманауи стандарттарға сай жабдықталған шоурумда MG модельдерінің толық қатары ұсынылған. Қатысушылар автокөліктерді жақыннан көріп, олардың техникалық мүмкіндіктерімен танысты.

Дилерлік орталықта клиенттерге көлік таңдау, тест-драйв өткізу, сервистік қызмет көрсету және сатудан кейінгі қолдау сияқты толық қызмет түрлері ұсынылады. Бұл өз кезегінде тұтынушылар үшін қолайлықты арттырып, қызмет сапасын жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді.

Бүгінде Қазақстан нарығында MG бренді әртүрлі өмір салтына бейімделген автокөліктер қатарын ұсынады:

  • MG 5 — бағасы 6 990 000 теңгеден басталатын стильді қалалық седан,
  • MG ZS — 7 990 000 теңгеден бастап ұсынылатын ықшам кроссовер,
  • MG HS — 9 990 000 теңгеден басталатын технологиялық әрі жайлы кроссовер,
  • MG RX9 — 16 490 000 теңге тұратын кең әрі флагмандық SUV.

Айта кетейік, Қазақстанда MG брендінің ресми дистрибьюторы әрі өндірістік серіктесі ретінде Allur компаниясы дилерлік желіні белсенді түрде дамытып жатыр. Қазіргі таңда брендтің 10 дилерлік орталығы Алматы, Астана, Қостанай, Қарағанды, Павлодар, Семей, Шымкент, Көкшетау және Ақтөбе қалаларында жұмыс істейді.

Компанияның жоспарына сәйкес, 2026 жылдың соңына дейін дилерлік орталықтар саны 24-ке дейін ұлғайтылып, брендтің елдің негізгі өңірлерінде толыққанды ұсынылуы қамтамасыз етілмек.

MG автокөліктеріне 5 жыл немесе 150 000 шақырым жүрісіне дейін кепілдік беріледі.

Бренд туралы толық ақпаратты mg.com.kz сайтынан немесе 3388 қысқа нөмірі арқылы алуға болады.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove