Алжымайын десеңіз, шет тілін үйреніңіз

Dalanews 23 ақп. 2015 03:32 978

125808_or Қарт адамның  алжуы бұрыннан таңқалдыратын. Көз алдымызда жарқылдап жүрген жігіт ағасының, біз ержеткенде  шапшаң шөгіп,  ақылының шау тартып, миының ашып қалу себебін түсінбеуші  едім.  Есейген соң үлкен оқуда нәсіп болды. Мидың ашып қалуы  деген проблеманы  университетте де байқадым. Тәп-тәуір көзі ашық, зиялы деген адамның өзі жасына жетпей алжып, жүйесіз сөйлеп, тақырыптан ауытқып, өз бетінше лағып отыратын кезін  жиі көрдім. Ол да ештеңе емес

Қазір міне, өзіміз де қырықтың қырқасына шықтық. Айналама қарап отырып, замандас құрдастарымның ақырындап  алжи бастағанын байқадым. Оның белгілері: Олар бір айтқан әңгімесін қайталап айта беріп,  айналасын түгел мезі қылады. Қарапайым құбылыстың шығу себебін табуға талпынбайды. Қоғамдағы проблемаларды жан-жақты талдауға шабан. Елішіне жабайы жолмен таралып кеткен  жалған ақпараттың түбін  тексермей, ойланбастан қабылдай салғысы кеп тұрады. Тың ойлар айтсаң,бірден қорыта алмай бетіңе үрке қарап үнсіз отырып қалады.

Алжудың түпкі себебін іздеген зерттеулер әлемде жетерлік. Барлық зерттеу  ашқан жаңалықтарын жыл сайын жариялап жатыр. Сол кезде өзіме ұнаған сұхбатты елмен бөліскім келеді.  7-8 жыл бұрын АиФ газетінен бір академиктің сұхбатын оқығаным есімде. Ұмытпасам ол Мәскеудегі Ми институтының директоры болатын. Журналист одан алжудың себебіне байланысты  сұхбат алған.  Академиктің жауабы өте қарапайым әрі сенімді шыққаннан болар, оның айтқандары жадымда жақсы сақталып қалыпты.  Журналист одан: «Біз әдетте, кітап оқымайтын адам алжуға бейім тұрады дейміз. Алайда кітапты көп оқитын зиялы жұрттың да 60-тың ар жақ бер жағында алжып қалып,отбасында үлкен проблема туғызғанын көріп жүрміз. Осыны қалай түсіндірер едіңіз»,- деп сұрайды.
"Бауырым, мен еңбек етем. Күн сайын тынбастан  жер жыртам. Қара жерге тұла бойым ысылған сайын, тәнім тоттан  тазарып, бет әлпетім ажарлана түседі. Сені шірітіп жатқан тот емес жалқау болмысың. Осылай қимылсыз тұрған сайын  тоттанып, тездетіп тоза бересің. Осылай тұра берсең ақыры өзіңнен өзің шіріп жоғаласың".

Академик өте қарапайым түсіндіріп, былай деп бір мысалды айтады. «Сіздер осы мектепте жүргенде сарайдағы екі түрлі соқа туралы ертегіні оқыдыңдыздар ма? Біреуін қап-қара тот басқан. Екінші соқа  күмістей жарқырап, айналасына сәуле шашып  тұрады. Ұсқынсыз қара соқа сүйкімді серігіне қызыға қарап:

- Әй, достым сен неге айнадай жарқырап тұрасың? Мен неге қарадай шіріп барам? Мына тосыннан жабысқан бәледен қалай құтылам?-деп сұрайды. Серігі:

[caption id="attachment_9467" align="alignright" width="272"]1370766621_2015894675 Кітап – ми азығы ма? [/caption]

- Бауырым, мен еңбек етем. Күн сайын тынбастан  жер жыртам. Қара жерге тұла бойым ысылған сайын, тәнім тоттан  тазарып, бет әлпетім ажарлана түседі. Сені шірітіп жатқан тот емес жалқау болмысың. Осылай қимылсыз тұрған сайын  тоттанып, тездетіп тоза бересің. Осылай тұра берсең ақыры өзіңнен өзің шіріп жоғаласың. Басың істесе, ертерек қамдан. Аянбай еңбекке аралас. Әлі-ақ  сәуле шашып шыға келесің дейді. Осы ертегі сыпатты бір ғана мысалдың негізінде адам миының алжу себебін ұқтырып тұр. Құдай адамның миын оқу үшін және ойлану үшін ерекше құдіретті етіп жаратқан. Мидың қойнауына күллі әлемнің  ақпаратын әкеп құйсаң да дым болмайды. Себебі, ақпарат сақтайтын нейрон клеткалары қисапсыз  көп. Оның бәрін толтыру мүмкін емес. Әрбір клетка бір-бірімен синапс жіптері  арқылыжалғанып жатады. Бір ғана нейронның жан-жағынан  шамаммен 1200-1800 синапс жіптері шашырай шығып, бір бірімен матаса байланысып  жатыр.  Яғни, нейрондағы ақпараттар синапстар арқылы бір біріне беріліп, жан-жаққа жылдам таралады.  Барлық ақпарат нейрондарда сақталады. Ілім-білім керек кезде сол жерден жалғаушы жіптер арқылы басқа тарапқа ағыла жөнеледі. Бір нәрсе ескерте кетейін, компьютерді адам миына қарап жасағанын өзіңіз де жақсы білесіз.  Үйдегі компьютеріңізді бірнеше апта қоспай қойсаңыз оның жылдамдығы баяулайды. Алдында ғана тез ашылатын  документтер бірден ашылмай, біраз уақытқатұрып,шабандап қалады. Неге? Себебі, ақпарат өтетін каналдар ұзақ үзілістің кесірінен семіп қалады. Күні бойы  қосылып тұратын бағдарламалар басқалармен салыстырғанда жылдам қимылдайды. Адам миы да солай. Егер адам кітап оқып, ақпарат игерген соң біреумен ой-пікір алмасып отырмаса ақпаратты тасушы синапстар семе бастайды. Мидағы ақпарат шаң басып жатып қалады. Оқымысты адамдар сондықтан да ой пікір алмасуға құмар болады. Олар пікір алмасқан сайын мидағы ақпараттар дүр сілкініп,елеусіз қалған  тұстары жаңа қырынан ашыла береді. Ал, бұл азарт туғызып, адамды сауатты сұхбатқа ынтық қылады».
Егер адам кітап оқып, ақпарат игерген соң біреумен ой-пікір алмасып отырмаса ақпаратты тасушы синапстар семе бастайды. Мидағы ақпарат шаң басып жатып қалады. Оқымысты адамдар сондықтан да ой пікір алмасуға құмар болады. Олар пікір алмасқан сайын мидағы ақпараттар дүр сілкініп,елеусіз қалған  тұстары жаңа қырынан ашыла береді.

Осы әңгімеден кейін журналист:«Ал, кітап оқыса да алжып, мидың ашуы  неден болады?», -деп сауал қояды. сонда ғылым кісі:« Әдетте, адамның жастай игерген білімі мидың оң жақ жарты бөлігіне жиналады. Оң қолмен жазу жазып, оң аяқпен доп теуіп, оң көзбен жақсы көргеніміз сияқты білімді істеткен кезде де оң жақ миды жұмысқа жеге саламыз. Осының себебінен сол жақ жарты шардағы  шылқыған нейрон клеткалары  жұмыссыз қалады. Әдетте, біз бала кезденкітап оқып үйренеміз. Университетте де жақсы маман атану үшін барымызды саламыз. Қызметте  тез өсу үшін тынбай ізденіп бағамыз. Бірақ,  40-қа тақағанда оқуды азайтамыз. Себебі, күнделікті кәсіпті жасай тоқтаусыз беріп, өз саламыздың хас шеберіне айналамыз. Артық кітап оқымай-ақ жұмысты шыр айналдырамыз. 20 жыл бойына үзіліссіз  жасаған таныс жұмысты адамның қолы мен денесі миға салмақ салмай-ақ, жасай береді. Осы кезде санада «енді кітап оқып не керек? Онсыз да менің алдыма  ешкім түсе алмайды»  деген вирус пайда болады. Тап осы қауіпті ой - миды маужыратып жібереді. Осы кезден бастап нейрондарды жалғап тұрған жіптер қолы бостықтан семе бастайды. Осы кезде адамның игерген ақпараты мол болса да өзге жұртпен ой-пікір алмасуға аса құлықты болмайды. Мидың шіруі деген осы», - дейді. Журналист:«Сонда бұл қауіпті қайтаратын амал-айла жоқ па?», - деп тағы бір сауалдың шетін шығарады. Ғалым сөзін жалғап:«Меніңше бар. Мен мынаны ұсынар едім. Адам жасы 40-тан асқан соң өзіне ұнаған қандай да бір шет тілін оқып үйренсін. Себебі адамның миы ана тіліндегі барлық сөз бен ақпаратты оң жағына жинайды. Есейгенде үйренген бөтен тілмидың сол жақ жарты шарында  сақталады. Яғни, шет тілін оқу арқылы орта жастасу жаңа миды іске қоса аласыз. Мысал үшін айтар болсақ, сіз оң қолыңызды таңып тастап, сол қолыңызбен жазуды меңгеріп алған сияқты қызық құбылыс. Яғни, сіз екі қолды қатар қолдана алатын артықша адамға айналасыз. Мұнда да солай. Шет тілін оқығанда мидағы семіп қата бастаған барлық синапстар еріксіз қайта тіріледі. Адам шет тілінен сөйлемдераударғанда  ана тіліндегі ақпаратты оң жақтағы миынан алады. Осы кезде мидың екі жарты шары да бір бірімен быж-тыж ақпарат алмасып, іске еріксіз  араласады. Айта кетейін, орта жаста қолға алған шет тілін түбін түсіріп меңгеру мақсат емес. Ең маңыздысы - миды тоқтаусыз қайрай беру. Мысалы, мен өзім қартайсам да  бірнеше шет тілін оқып, үйреніп жүрем. Мен  оларды кітап оқып, ғылым игеру үшін үйренбеймін. Миымды тот баспас үшін ғана солай жасаймын. Жасым міне 80-нен асты. Өмір бақи оқу-тоқумен келем. Өзімнен алжу байқамаймын. Көп оқыса ми ашиды дегенге өз басым сенбеймін. Мидың ерекше мұғжиза жаратылыс екенін тағы да есіңізге салам. Ақпараттың көптігі миға салмақ сала алмайды. Ми ойланбағаннан ғана тозады. Өзгемен ұдайы пікір алмасып, ойлану қабілетін  шыңдамайтын  кез келген адамның миы алжуға бейім тұрады. Сондықтан мен өзімнің барлық тамыр танысымды орта жасқан асқан соң алжымас үшін қандай да бір шет тілін үйренуге үгіттеймін», - дейді.

65Ресей ғалымының осы сұхбаты маған өте қатты әсер етті. Мен содан бері миым қалғып кетпес  үшін  шет тілін оқып отыруды әдетке айналдырдым. Өзім ағылшын тілін ұзақ жыл үйреніп, күнделікті қолданғандықтан бұл тілдің қиыны азайып, оңайлары ғана қалған сияқты көрінеді. Осыған қарап, миым тағы да жалқаулана бастай  ма деп қауіптенем. Орта жастан асқанда миымның сол жақ жарты шарын барынша іске жегу үшін  тағы да бір шет тілін жаңадан бастауды жоспарлап жүрмін.

P.S.Өткенде мені бір танысым  қонаққа шақырды. Үй иесі отыздар шамасындағы жігіт. Ол өзінің курстас құрдастарын қоса шақырыпты. Бәрі де жап-жақсы қызметте істейтін зиялы азаматтар. Дастархан басында мен оларды бақылап отырдым. Алжудың ең бірінші ұсақ белгілерін олардан да байқадым. Орда бұзатын  қароымды жігіттердің миын тот баса бастаған сияқты.  Олар кез келген қоғамдық мәселені тереңінен талдауға құлықсыз. Өсек түрінде таралған ақпараттарды ақиқат ретінде қабылдай салудан тартынбайды. Маған олардың милары ойлануға мұршасы болмай, бейне бір ауа жетпей ентігіп, алқынып  тұрған өкпе сияқты болып көрінді. Отырыстың аяғына қарай мен оларды шет тілін оқып үйренуге үгіттедім. «Оқымасаңдар алжисыңдар» деп қорқыттым. Бірақ сол батыл  әрекетім  зая кетпеді. Он бес жігіттің үшеуі шет тілін оқуға кірісті.   Қазір олар басқаларға алжудың алдын алу  туралы лекция оқитын  болды.

Санжар КЕРІМБАЙ


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар