"Алғыс айту - адамгершіліктің бегісі": Алматы облысында мерекелік шара өтті

Сағыныш Сардарова 01 нау. 2024 19:11 1839

Шұғылалы көктемнің алғашқы мерекесі – «Алғыс айту» күні.  Аталмыш мереке елімізде қатарынан 9 жыл тойланып келе жатыр.  Дәстүрден жаңылмай Алматы облысында да «Алғыс айту - адамгершіліктің бегісі» атауымен іс-шара өттіМерекелік шараның өтуіне облыстық «Қоғамдық келісім және даму орталығы» КММ –і мұрындық болды.

Айтулы күн Қазақстан халқының барлық өңірлік ассамблеяларының қатысуымен  (ҚХА) мерекелік телекөпірден басталды. Тікелей байланысқа қатысу үшін облыс әкімдігінің ғимаратына Алматы облысы әкімінің орынбасары Нұржан Құдайбергенов және этномәдени орталықтардың өкілдері жиналды.

Кездесуді аша отырып, ҚХА төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Алғыс айту күні-біздің бірлігіміздің, тарихи жадымызды сақтаудың, ұрпақтар байланысын және халықтың бірлігін нығайтудың символы екенін атап өтті.

Телекөпірге байланысқа шыққан өңір басшысының орынбасары Нұржан Құдайбергенов «Алғыс айту» күні жай ғана мереке емес екенін алға тартты.  Ол , бірегей мейрам- бірлік пен достықтың, өзара сыйластықтың символы екенін айтты. Жауаптылар, мереке күні ұйымдастырылған шараның басты мақсаты өткенге шегініс жасай отырып, этносаралық ынтымақты арттыру дейді.  

- «Алғыс айту» күні біршама жылдан бері аталып келеді.  Жай ғана жалаң сөзбен дәріптелетін күн емес. Тарихы тым тереңде жатыр. Оның мән-маңызын қоғамға, нысаналы аудиторияға жеткізу сіз бен бізге парыз. Осыған орай, жер-жерде түрлі шаралар өткізіледі. Біздің Алматы облысында да түрлі жұмыстар атқарылып, 100-ге тарта іс-шара өткізілді. Әлі де жалғасын табады»,-деді «Қоғамдық келісім және даму орталығы» КММ директоры Елбосын Абай.

Шараның екінші бөлігі мәдениет үйінде жалғасын тапты.

Ғимараттың алдында   8 бірдей  этномәдени бірлестіктердің   және қол өнер шеберлерінің бұйымдарынан көрме ұйымдастырылып, түрлі этнос өкілдерінің ұлттық тағамдарынан арнайы дәм әзірленіп, келген қонақтарға ұсынылды.  Шараның негізгі бөлімінде қоғам дамуына үлес қосып, елдің алғысына бөленген жандарға Алғыс Хат пен арнайы статуэтка табысталды. Бұдан бөлек, шара барасынында «Қоғамдық келісім және даму» орталығының бастауымен жарияланған«Қазақстан-бақыт мекені» атты үздік бейнероликтер байқауының жеңімпаздары марапатталды.

Салтанатты жиында сөз алған Алматы облысы ішкісаясат басқармасы басшысының міндетін атқарушы Әсел Жалғасбаева барша отандастарды ерекше мерекемен құттықтады. Ол өз сөзіндеөпұлттыҚазақстан халқы үшін бұл мерекенің мәнітерең, маңызыерекше екенін айтты.

«Алматы облысы – еліміздегі көптеген этнос өкілдері тығыз қоныстанған өңірдің бірі. Бүгінде аймақта 105 этнос өкілдері тату-тәтті өмір сүруде.Бүгінде азаматтарымыз егемен елімізді дамытуға, қастерлі қазақ жеріндегі бейбітшілікті, татулық пен келісімді нығайтуға өлшеусіз үлес қосуда. Бірлік пен жарасымды сыйластық сияқты қастерлі құндылықтар біздің еліміздің әрдайым айнымас темірқазығы болып қала береді.Облыста арнайы кешенді жоспар әзірленіп, өткізілді»,-деді Әсел Мұратқызы.

Аймақтағы идеологияға жауапты жанның сөзін республикалық «Ассамблея жастары» ҚБ Алматы облыстық өкілдігінің төрағасы Вера Плетнево жалғастырды.     Қазақ жерінде дүниеге келіп,қазақтың салт-дәстүрін бойына сіңіріп, тілін меңгерген ару, бірлік пен тұрақтылық қанажасампаз елді жаңа белеске көтеретінін айтып, жерлестеріне жылы лебізін жеткізді.

Қонақтардың жүрек жарды тілектерінен кейін концерттік бағдарлама көрермен назарына ұсынылды. Әр ұлттың мәдениетінен сыр шертетін күмбірлі күй мен әуезді ән шырқалды. Ұлы даладағы ажырамас татулықтың тамыры тереңде екенін бейнелейтін ұлттық билер сахналанды.  Шара соңында Ескендір Хасанғалиевтің патриоттық сезімге толы «Атамекен» әні шырқалды. Осылайша, «Алғыс күні» өз дәрежесінде аталып өтілді.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x