“Альфардтың ақыры”: Үкімет оң рульді көліктерге тыйым салмақшы

“Альфардтың ақыры”: Үкімет оң рульді көліктерге тыйым салмақшы
kaztag.kz

Рөлі оң жақта орналасқан 70 мыңнан аса көлік жолаушылар тасымалынан алып тасталды. Бұл туралы Үкімет отырысында айтылды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Қазақстанда жолаушылар тасымалының қауіпсіздігін күшейту және жолдарда тәртіп орнату бағытында жұмыс күшейтілген. inDrive қызметіне тапсырыс беру сервисінен рөлі оң жақта орналасқан 70 мыңнан аса көлік алып тасталған, өйткені мұндай көліктерді жолаушыларды тасымалдауда пайдалануға заңмен тыйым салынған. Бұл туралы Үкімет отырысында inDrive Kazakhstan компаниясының бас директоры Арай Бекембаев мәлімдеді.

Одан бөлек, жолдағы жүргізушілердің мінез-құлқын бақылап отыру үшін олардың жеке басын және көлігін анықтау мақсатында фотобақылау белсенді қолданылып жатыр.

"Сондай-ақ, 2ГИС интеграциясы арқылы жылдамдық пен шаршауды бақылау жүйесі енгізілген. Наурыздан бері Safety Hub қауіпсіздік орталығы жұмыс істеп тұр, оның операторлары жүргізушілерге жылдамдықты жоғарылатқан немесе ұзақ уақыт жүргізген кезде қоңырау шалады. Қабылданып жатқан шаралар нәтижесінде жылдамдықты арттыру үлесі 42 пайызға төмендеді", - деді ол.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда жүргізушілерге балдық жүйе енгізіліп, рөлі оң жақта орналасқан көліктерді таксиге пайдалануға тыйым салынатыны хабарланды. Былтырдан бері Қазақстанда такси агрегаторларына бақылау күшейтілген еді. Осылайша цифрлық ақпарат алмасу жолға қойылған.