Әлеуметтік желіде марқұм Ұлдана Мырзуанға қатысты видео тарады

Әлеуметтік желіде марқұм Ұлдана Мырзуанға қатысты видео тарады
ашық дереккөзден

Журналист Руслан Өтепбай әлеуметтік желідегі парақшасында марқұм фельдшер Ұлдана Мырзуаның жұбайына жіберген соңғы суретіне қатысты видео жариялады, деп хабарлайды dalanews.kz.

Оның айтуынша, Ұлдана мен Әділет 2025 жылдың қазан айының соңында шаңырақ көтерген. Алайда жас жұбайлар небәрі екі апта ғана бірге отбасылық өмір сүрген.

Руслан Өтепбайдың жазуынша, 8 қараша күні Ұлдана күйеуіне қонжықтың суретін жіберіп, онымен қысқаша сөйлескен. Кейін кезекті шақыртуға кеткен.

"8 қараша күні фельдшер Ұлдана күйеуіне қонжықтың суретін жіберіп, аз-кем сөйлесіп, вызовқа шығып кетеді. Ары қарай не болғанын барлығымыз білеміз", – деп жазды журналист.

Жарияланған видео Ұлдананың қайғылы оқиғаға дейін жұбайымен болған соңғы хат алмасуларының бірі ретінде көрсетілген.