Әлеуметтік инспекторлар биыл 1 100-ден астам тексеру жүргізді

Ақтоты Жапатова 30 қаз. 2025 11:15

2025 жылдың басынан бері әлеуметтік инспекторлар 1 174 тексеру жүргізді, оның 423-і жоспардан тыс, 450 – профилактикалық бақылау шеңберінде, 301 – прокуратураның талабы бойынша өтті. Тексеру қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы 552 ұйғарым берілді, 69,9 млн теңгеден астам сомаға 318 айыппұл салынды, деп хабарлайды Dalanews.kz

Мемлекеттік бақылаумен қамтылғандар: мемлекеттік және квазимемлекеттік ұйымдар – 248, денсаулық сақтау нысандары – 134, білім беру – 198, әлеуметтік қорғау – 267, мәдениет – 34, спорт – 24, көлік инфрақұрылымы – 42, қоғамдық тамақтану – 22, сауда – 90, қаржылық қызмет көрсету – 21 және басқа да нысандар – 94.

Осылайша, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Алматы қаласы бойынша Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің департаменті мүгедектігі бар екінші топтағы адамның өтініші негізінде қалалық мектепте халықтың қозғалысы шектеулі топтары үшін нысанның қолжетімділігі мәселесі бойынша жоспардан тыс тексеру жүргізді. Тексеру қорытындысы бойынша нысан иесіне ұйғарым беріліп, жауапты тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

«Бүгінгі күні қалалық инфрақұрылым мүгедектігі бар адамдар мен жалпы қозғалысы шектеулі топтар үшін саябақтар, гүлзарлар, метро, денсаулық сақтау нысандары, мемлекеттік мекемелер және күнделікті қажетті қызметтер көрсетілетін өмірлік маңызы бар өзге де орындар шын мәнінде қолжетімді болды», – деді Алматы қаласының тұрғыны, екінші топтағы мүгедектігі бар Ардақ Есмағанбетова.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар