ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБАНЫҢ МАҢЫЗЫ ЗОР

Dalanews 11 қаз. 2014 14:10 786

 

Chevron_logo_Album_250712 «Шеврон» компаниясы мен «Аяла» қоры бірігіп ұйымдастырған қалалық мектептер, емханалар мен әлеуметтік мекемелерге жабдықтар сатып алу және орнату сертификаттарын тапсыру салтанатты рәсімі Ерейментауда өтті. Жиынға қала әкімі Төлетай Мұқамеджанов, жергілікті билік өкілдері, медицина қызметкерлері, оқытушылар мен Ерейментау ауданының жұртшылығы қатысты.

«Шеврон» компаниясы мен «АЯЛА» қоры 2013 жылы бастаған әлеуметтік жоба аясында биыл Ерейментаудағы әкімдік саябағында бабалар алаңы, Бөгенбай батыр атындағы қазақ орта мектебінде толықтай жабдықталған химия кабинеті ашылды, спорт алаңы орнатылды. Сонымен қатар,

[caption id="attachment_8135" align="alignright" width="300"]IMG_0045 Салтанатты жиын Ерейментауда өтті. Шараға қала әкімі Төлетай Мұқамеджанов қатысты.[/caption]

Орталық аудандық ауруханаға (ОАА), әлеуметтік қорғау бөліміне және қалалық Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіне медициналық жабдықтар сатылып алынды. Бұдан сырт мүмкіндіктері шектеулі адамдардың ОАА қабаттарында еркін жүріп-тұруы үшін көтеретін құрылғы орнатылды. «Шеврон» компаниясы Еуразия бөлімшесінің басқарушы директорының орынбасары Фрэнк Кассуло өз кезегінде: «Қазақстанда жұмыс істеген алғашқы күндерден бастап, «Шеврон» республиканың білім беру, медицина және әлеуметтік мекемелеріне қолдау көрсетіп келеді. Біздің әлеуметтік жобамыздың аясында былтыр ауданның 30 жалпы білім беру мектебіне интерактивті тақталаралынды; ОАА-ға заманауи ота жасайтын құрылғы орнатылды және Ерейментау қаласының тұрғындарына 15 мүгедекарбасы мен арнайы керек-жарақтар тапсырылды. Біз осы жұмысты болашақта жалғастыруды жоспарлап отырмыз», – деді.

«Шеврон» корпорациясы әлемнің жетекші біріктірілген энергетикалық компанияларының бірі және Қазақстандағы ірі жеке мұнай және газ өндіру компаниясы. Өзінің қызмет саласын кеңейте отыра және ҚР Үкіметінің жаңғырмалы энергия көздерін дамыту бастамасын қолдай отырып, «Шеврон» қазіргі таңда Ерейментау ауданындағы «Самал» жел паркін құру жобасын жүзеге асыруда. Корпорация жыл сайын Алматы, Астана және Атырау қалаларының медициналық және әлеуметтік мекемелеріне қажетті медициналық дәрі-дәрмек, компьютер және басқа да жабдықтар сатып алуға көмек қолын созады. Бұл бастамалар жергілікті және орталық мемлекеттік басқару органдарымен, қауымдастықтармен, үкіметтік емес және халықаралық ұйымдармен серіктестікте жүзеге асырылады. Айта кетелік, бірнеше жыл бойы «Шеврон» компаниясы Қазақстан Республикасында ірі қайырымдылық жобаларымен танымал «АЯЛА» қорымен әріптесіп жұмыс істеуде. Мұндағы қор қызметінің басты бағыты балалар медициналық және білім беру мекемелеріне,  яғни аурухана, емхана,перзентхана, демалыс үйлері мен балалар үйлері, сонымен қатар тұрмысы нашар балаларға арналған интернаттарға көмек көрсету.

 Аяулым ШАЙМАРДАН


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар