Әлеуметтік желіде көрсетілген олқылық реттелді

Dalanews 14 мам. 2021 09:10 679

Шымкент қаласы Абай ауданы аумағындағы «Тұрлан» шағынауданы Сәтпаев көшесі бойындағы контейнер алаңшасының айналасында бей-берекет қоқыстардың үйліп жатқандығы әлеуметтік желіде жарияланған болатын.

Аудан әкімі аппараты әлеуметтік желіге монитиринг жүргізіп, қоқыс алаңшасының айналасындағы бей-берекет қоқыстарды тазалау жұмыстары атқарылды, – деп хабарлайды Dalanews.kz Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сонымен қатар, Ш.Қалдаяқов көшесі, №2 көпқабатты тұрғын үйдің ауласында қураған ағашты қырқу туралы тұрғындар өтініш жасаған еді. Соған сәйкес, қураған және кедергі келтірген ағаш бұталарын қырқу жұмыстары жүргізілді.

Тазалық – денсаулық кепілі. Аудан әкімдігі қала тұрғындарын тазалық қызметкерлерінің еңбегін бағалауға, қоршаған ортаға жанашырлықпен қарауға шақырады.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар