Австриялық суретші Густав Климттің «Элизабет Ледерер портреті» Нью-Йорктегі Sotheby’s аукционында 236,4 миллион долларға сатылды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Bloomberg мәліметінше, суретші қайтыс болғанға дейін екі жыл бұрын аяқталған портрет 1914-1916 жылдар аралығында салынды. Қазіргі заман өнерінің ең қымбат туындысы және аукционда сатылған ең қымбат екінші картина болып саналады. Сатып алушының аты-жөні жарияланған жоқ.
Элизабет Ледерер – австриялық кәсіпкердің қызы. Австрияны оккупациялау кезінде өзінің еврей тегін жасыру үшін Климттің қызы ретінде жасырынып жүрді. Портрет нацистер тарапынан ұрланды, бірақ 1948 жылы қайта табылды. 1983 жылы картина сурет саудагері Серж Сабарскийге сатылды. 1985 жылы оны Estee Lauder бренді негізін қалаған отбасының ұлы Леонард Лаудер сатып алып, осы жылдың маусым айына дейін иелік етті.
Аукционда жалпы сомасы 527,5 млн доллар құрайтын Лаудер коллекциясынан тағы 23 лот сатылды, соның ішінде Ван Гогтың суреті мен Матисстің қола мүсіні бар.
