Әлем чемпионаты тарихтағы ең табысты турнир атанды

Әлем чемпионаты тарихтағы ең табысты турнир атанды
ЖИ: Dalanews.kz

2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты тарихтағы ең табысты турнир болды. FIFA-ның алдын ала бағалауынша, жарыс ұйымға 9 миллиард доллардан астам табыс әкеледі, ал төрт жылдық цикл бойынша жалпы кіріс болжамы 11 миллиард долларға дейін ұлғайтылды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Биыл алғаш рет әлем чемпионатына 32 емес, 48 ұлттық құрама қатысты. Соның нәтижесінде матчтар саны 64-тен 104-ке дейін артты, деп жазады Bloomberg.

Турнир барысында стадиондар мен жанкүйерлер аймақтарына 15 миллион адам келген. Топтық кезеңде ареналардың толымдылығы 99%-ға жуықтаған. Сондай-ақ телевизиялық трансляциялар, билет сатылымы, жарнамалық келісімшарттар мен коммерциялық жобалардан рекордтық кіріс түскен.

Билеттердің бағасы 60 доллардан 10 мың доллардан астам сомаға дейін жеткеніне қарамастан, сұраныс бұрын-соңды болмаған деңгейде болған. Орташа билет құны 900 доллардан асқан.

Коммерциялық жетістіктен кейін FIFA президенті Джанни Инфантино 2030 жылғы әлем чемпионатына қатысатын құрамалар санын 64 командаға дейін көбейтуді ұсынды.

Алайда 2026 жылғы әлем чемпионаты тек қаржылық жетістіктерімен ғана емес, бірқатар даулы оқиғаларымен де есте қалды. Атап айтқанда, АҚШ президенті Дональд Трамптың турнирге араласуы, билеттерге енгізілген динамикалық баға жүйесі, виза рәсімдеудегі қиындықтар және финалдық матч өткен алаңның шөбінің бөліктерін 3 мың долларға сату қоғамда қызу талқыланды.