Синоптиктер үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Алдағы күндері ауа райына Жаңа Жер аудандарынан ығысқан антициклон әсер етеді. Республика бойынша ауа температурасы төмендейді.
"15 қаңтарда солтүстік және шығыс облыстарда түнде ауа температурасы 30-40 градус аязға дейін төмендейді. Оңтүстік өңірлерде түнде ауа температурасы 5-13 градус аязға дейін, ал оңтүстік-шығыс облыстарда 8-17 градус аязға дейін төмендейді, таулы аудандарда 20-25 градус аяз болады", - деді синоптиктер.
15-16 қаңтарда оңтүстікте қар жауып, көктайғақ болады, 16-17 қаңтарда елдің оңтүстік-шығысында да қатты қар жауып, тұман түсіп, көктайғақ болады.
