Алаяқтық жолмен тіркелген несиелерді жоюға негіз алғышарттар тізімі тағы кеңейтіледі

Кәмшат Тілеухан 12 қар. 2024 11:02 711

Қазақстанда алаяқтық жолмен тіркелген несиелерді жоюға негіз алғышарттар тізімі кеңейтіледі.Мәселен, енді биометриялық сәйкестендірусіз берілген несиені төлемеуге болады. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменовтың депутаттық сауалға берген жауабында айтылады, деп хабарлайды Dalanews.kz

ҚНРДА банктер мен шағын несиелік ұйымдарды мынандай бұзушылықтар бойынша тіркелген несиелерді жоюға міндеттемек:

  • қарыз алушылардың жекелеген санаттарының онлайн кредит алуға дербес келісімінің болуына қойылатын талаптарды сақтамай берілген алаяқтық кредиттер;
  • "салқындату кезеңін" қолдану;
  • клиентті биометриялық сәйкестендіруді жүргізу;
  • ақпараттық онлайн-кредитті рәсімдеу кезіндегі қаржы ұйымдарының киберқауіпсіздігін бұзу (қаржы ұйымы тарапынан болған).

Сондай-ақ Ұлттық банк қаржы саласындағы алаяқтардан қорғану амалы – сақтандыру тетігі екенін еске салады.

"Халықаралық тәжірибеде онлайн банктік қызметтерді тұтынушыларды қорғау тетіктерінің бірі ретінде азаматтарды алаяқтардың заңсыз әрекеттерінен сақтандыру кеңінен таралған. Мұндай сақтандыру негізінен ерікті сипатқа ие, ал сақтанушы ретінде жеке тұлғалар да, банктердің өздері де, төлем жүйелерінің операторлары да әрекет етеді. Қазақстанда сақтандыру ұйымдары АТ-инфрақұрылымындағы күтпеген өзгерістер нәтижесінде банк карталарының иелеріне келтірілген мүліктік зиянды өтеуге байланысты сақтандыру өнімдерін ұсынады. Алаяқтықтан сақтандыруды міндетті немесе жүктелген сақтандыру түрі ретінде енгізу алаяқтық операциялар бойынша статистиканы талдауды, тұтынушыға зиян келтірместен сақтандырудың барабар құнын есептеу үшін ықтимал шығындар мөлшерін анықтауды ескере отырып, жан-жақты зерттеуді қажет етеді. Сонымен қатар, жеке тұлғалардың қарыздарын алаяқтықтан міндетті сақтандыруды енгізу кредитті ресімдеу кезінде қосымша шығыстарға әкеледі, нәтижесінде оның қымбаттауына әкеп соғады", делінген ресми жауапта.

Айта кетсек, қазіргі уақытта несие берушінің ерікті бас тарту болған кезде немесе клиенттің қатысуынсыз қарызды алаяқтық тәсілмен ресімдеу фактісі анықталатын соттың заңды күшіне енген шешімі бойынша берілген кредиттерді есептен шығару міндеті белгіленген.

Аз-кем статистика

2024 жылдың 1 қарашадағы ҚР ІІМ мәліметі бойынша, биыл елімізде қылмыстың осы түрінің 34,9 мың жағдайы тіркелген. Оның ішінде 16,1 мыңнан астамы интернет-алаяқтық, ол бойынша келтірілген залал көлемі 7 млрд теңгеден асады.

Онлайн-кредиттерді рәсімдету ең көп таралған түрі - 6,8 мың жағдай.

  • 4,1 мың жағдай маркетплейстердегі сатып алулармен, 
  • тағы 4 мың жағдай онлайн-қызметтерді ұсынумен байланысты болып келеді.

Азаматтардың сенгіштігін пайдаланған қаскүнемдер  несиені атына онлайн түрде рәсімдетіп алады немесе қашықтан қол жеткізудің түрлі бағдарламаларын телефонға жүктеу арқылы оларды өз торына түсіреді.

 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар