Алатау қаласында төтенше жағдай енгізілді

Көркем Алдабергенова 18 қыр. 2025 17:42

Алатау қаласында қоқыс полигонында орын алған ірі өртке байланысты жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай режимі енгізілді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бұл шешім Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қабылданды.

"Өрт ауқымды аумақты қамтығандықтан, төтенше жағдай режимін енгізу барлық қажетті күштер мен құралдарды – өрт сөндірушілерді, құтқарушыларды, арнайы техниканы дер кезінде жұмылдыруға және барлық қызметтердің жұмысын үйлестіруге мүмкіндік береді", - делінген хабарламада.  

Қабылданған шаралар салдарды жою жұмыстарын жеделдетуге бағытталған.
Жағдай тұрақты бақылауда. Тұрғындардың өміріне еш қауіп жоқ. Барлық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.

Өрттің шығу себебін анықтау мақсатында арнайы тексеріс жүргізіледі.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар