Алатау қаласына арнайы мәртебе беріледі, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Ұлттық экономика министрлігі «Алатау қаласының арнайы мәртебесі туралы» Конституциялық заң жобасына қатысты кеңес құжатын ұсынды.
Аталған заң инвестиция тартуға, инновацияларды дамытуға және жоғары білікті адами капитал қалыптастыруға бағытталған ерекше құқықтық режимді бекітуді көздейді.
Бұл дегеніміз, Алатау қаласының жергілікті өзін-өзі басқару органдары қала құрылысы, Smart City жүйелері, цифрлық активтердің айналымы, халықаралық стандарттарды енгізу, шетелдік жұмыс күшін тарту және басқа да негізгі бағыттарды реттейтін өз нормативтік актілерін қабылдау құқығына ие болады.
