"Қазақтелеком" АҚ ұлы философ және математик Әл-Фарабидің атымен аталған Орталық Азиядағы екінші ірі AI-кластер – AI-Farabium іске қосылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.
AI-Farabium іске қосылуы Digital Bridge 2025 халықаралық технологиялық форумы аясында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өтті. Бұл оқиға ұлттық цифрлық экожүйені дамытудағы маңызды қадам болды және жасанды интеллект үшін егеменді инфрақұрылымды құрудағы елдің стратегиялық басымдығын атап өтті.
Жақында өткен жасанды интеллектті дамыту мәселелері жөніндегі Кеңесте Президент елді Еуразияның цифрлық хабына айналдыру жөнінде өршіл міндет қойған болатын. Жоғары өнімді жаңа AI-Farabium кластері – бұл бағыттағы негізгі қадамдардың бірі. Ол үлкен тілдік модельдер мен генеративті ЖИ-ді оқытуға, өнеркәсіптік шешімдер әзірлеп, медициналық деректерді талдау, «Ақылды қала» және автономды көлік технологияларын енгізу, сондай-ақ контент жасау, адам даусы мен кескінді тануға мүмкіндік береді. Бұл әлемдік деңгейдегі егеменді жасанды интеллект инфрақұрылымын құрудың алғашқы қадамы.
"Бұл суперкомпьютерді іске қосу – цифрлы Қазақстан үшін маңызды қадам. Біз ғалымдар, компаниялар мен мемлекетімізге жасанды интеллекттің ең озық технологияларын пайдалануға мүмкіндік беретін әлемдік деңгейдегі инфрақұрылымды құрып жатырмыз. Енді Қазақстанда деректерді сақтап, ел ішінде құндылық жасай отырып, өзіміздің ЖИ-ді жаттықтыруға мүмкіндігіміз бар", - деп атап өтті "Қазақтелеком" АҚ Басқарма Төрағасы Бағдат Мусин.
Кластер компаниялар және ғылыми орталықтар мен ынтымақтастық үшін ашық. Тіркелу https://alfarabium.kz/#сілтемесінде қолжетімді.