Алматыдағы Әл-Фараби даңғылында болған адам өлімімен аяқталған жол апатына қатысты іс сотқа жіберілді, деп хабарлайды dalanews.kz.
Бұл туралы жәбірленуші тарапты адвокаты Олег Чернов хабарлады.
Іс бойынша алдын ала сот отырысы 28 мамыр күні сағат 15:00-де Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотында өтеді.
Еске салайық, қайғылы жол апаты 21 наурызға қараған түні болған. Апат салдарынан Mercedes көлігінің жүргізушісі мен 20 және 22 жастағы екі қыз көз жұмды.
Ал Zeekr көлігін басқарған жүргізуші мас күйде болғаны анықталған.
Айта кетейік, Алматыда Әл-Фараби даңғылының бойына арнайы жол қоршауларын орнату туралы петиция жарияланған болатын. Құжат Алматы қаласы әкімінің аппаратына жолданған.