Әл-ауқат санаты несие мен ипотека алуға әсер ете ме? Ұлттық банк төрағасы жауап берді

Әл-ауқат санаты несие мен ипотека алуға әсер ете ме? Ұлттық банк төрағасы жауап берді
Фото: akorda.kz

Отбасының әл-ауқатын бағалайтын жаңа жүйе азаматтардың несие, ипотека немесе автонесие алуына әсер етпеуі керек. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов мәлімдеді, деп хабарлайды dalanews.kz.

Оның айтуынша, банктер қарыз берер алдында клиенттің төлем қабілетін өз жүйесі арқылы тексереді. Олар адамның табысын, мүлкін, зейнетақы аударымдарын және бұрын алған несиелерін қарайды. Сондықтан жаңа жүйеде отбасының қай санатқа жатқызылғаны банк шешіміне ықпал етпейді.

"Банктердің жұмысы бұрыннан цифрландырылған. Олар әр клиенттің несие төлеу мүмкіндігін жақсы бағалайды. Сондықтан адамның әл-ауқат санаты банк үшін маңызды емес. Банктердің өз бағалау жүйелері бар және олар әлдеқайда жетілдірілген", – деді Тимур Сүлейменов.

Сүлейменовтің сөзінше, әр банк несие беру талаптарын өзі белгілейді. Мысалы, кейбірі тұтынушылық несиеге, енді бірі автонесиеге немесе кәсіпкерлерді қаржыландыруға басымдық береді. Сол себепті клиенттерге қойылатын талаптар да әр банкте әртүрлі.