Әкімдік үйі өртеніп кеткен Қаржаубай Нұрымовқа әлі баспана бермеген

Көркем Алдабергенова 09 мау. 2025 09:36

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының әкімдігі Шерзат Полаттың әкесі Қаржаубай Нұрымовқа уәде еткен үйді әлі бермеген. Бұл туралы Нұрымовтың өзі блогер Жан Ахмадиевке берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Блогердің сөзінше, қазіргі уақытта өртенген үйдің орнында жаңа іргетас қаланған. Оны әкімдік емес, Қаржаубай Нұрымовтың өзі құйған. 

"Өздеріңіз түсінгендеріңіздей енді Қаржаубайға ешкім үй салып бермейді", - дейді Жан Ахмадиев. 

Қазақстандықтар Қаржаубай Нұрымовқа үй алып беруге қаржылай көмек беруге дайын екенін жазып жатыр. 

"Осы отбасы үшін бар жан тәніммен сбор жинауға атсасылаысамын". 

"Талғардан емес, басқа жақтан үй алса жақсы болар еді". 

"Астанаға көшсе екен, сбор ашайық 1 -ақ күнде". 

"Сбор ашайық, сонымен біз де тыныш болайық, басқа қалаға кетсе екен!", - дейді қазақстандықтар. 

Еске салайық, 5 мамырда 16 жастағы жасөспірім Шерзат Болаттың өлімі бойынша айыпталушыларға сот үкімі шықты.

Айыпталушылар орындығында тоғыз адам отырды, олардың бірі кәмелетке толмаған.

  • Азамат Тоқтаубаев 15 жылға бас бостандығынан айырылды.
  • Нұрқияс Ілиясов 9 жылға бас бостандығынан айырылды.
  • Шыңғыс Белғожаев 7 жылға бас бостандығынан айырылды.
  • Дархан Әскентай 7 жылға бас бостандығынан айырылды.
  • Дидар Қалиахмет 7 жылға бас бостандығынан айырылды.
  • Нұрбол Тоқтаубаев 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар