Әкесін өлімші етіп сабаған ер адам 10 жылға дейін сотталуы мүмкін

Көркем Алдабергенова 15 қаң. 2026 09:09

Түркістан облысында өз әкесін аяусыз ұрып, соның салдарынан оның өліміне себепкер болды деп айыпталған 41 жастағы Алмас Садақбаевқа қатысты сот процесі аяқталуға жақын, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Сот барысында айыпталушы кінәсін толық мойындады. Ол қылмысты есінен танып қалған күйде жасағанын айтты. Садақбаев сотта эмоцияға беріліп, көз жасына ерік берді және жазасын жеңілдетуді сұрады.

Ол өзінің кәмелетке толмаған балалары бар екенін, сондай-ақ отбасындағы жалғыз асыраушы болғанын алға тартты.

Бұл іс бойынша үкім бүгін жариялануы тиіс.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove