Әжетханада президент суреті бар газеті қолданғандар іздестірілуде

Dalanews 24 мам. 2018 04:51 864

Түркіменстанның Гумдаг қаласында учаскелік инспекторлар әжетханада президент Гурбангулы Бердімұхамедовтің суреттері бар газеттерді пайдаланғандарды іздеп жатыр деп хабарлайды жергілікті БАҚ.



Учаскелік инспекторларға ауладағы қоқыстардан президенттің былғанған суреттерін де іздеуді тапсырған. Әрбір қоқыс жәшігіне бір-бір қарауыл қойылған. Президенттің суреті бар жыртылған газеттерді қоқысқа тастаған адамдардың пәтер нөмірлерін анықтап, арнайы органдарға хабарлап отыру міндеттелген.

Наурыз айында Дашогуз облысы Гороглы ауданындағы орта білім беру мекемелерінің бірінің әжетханасында президенттің суреттері бар газет табылғаны үшін, мектеп директоры жұмыстан қуылған. Осы оқиғадан кейін құқық қорғау органдарының өкілдері мемлекеттік қызметкерлердің үйлерінің әжетханаларына тексеру жүргізген. Азаттық дереккөзінің хабарлауынша, тексеруден кейін 10 мемлекеттік қызметкер жұмыстан шығарылған.

Аймақтық шенеуніктер түсініктеме беруден бас тартты.

Негізі Түркіменстанда жергілікті басылымдардың бәрінде бірінші бетте міндетті түрде президент Гурбангулы Бердімұхамедовтің суреті тұруы тиіс.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар