Freedom Inside '26

Air Astana-ның бұрынғы басшысы Питер Фостер жаңа қызметке тағайындалды

Air Astana-ның бұрынғы басшысы Питер Фостер жаңа қызметке тағайындалды
коллаж: Dalanews.kz

Air Astana әуе компаниясының бұрынғы басшысы Питер Фостер Қазақстандағы Alatau Air Cargo жүк әуе компаниясының тәуелсіз директоры болып тағайындалды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Компания акционерлері директорлар кеңесінің құрамын жаңарту туралы шешім қабылдаған. Осыған байланысты 2026 жылдың 30 қаңтарында бекітілген директорлар кеңесінің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылады.

Жаңартылған құрамда Питер Фостер тәуелсіз директор ретінде сайланды. Ал директорлар кеңесін кәсіпкер Тимур Турлов басқарады.

Сонымен қатар жаңа құрамға Ерлан Қойшыбаев, Сергей Швалов және Айбек Қапар мүше болады. Тағы бір тәуелсіз директор ретінде Сергей Анашкин сайланған.

Айта кетейік, Alatau Air Cargo – Қазақстандағы жүк тасымалына маманданған әуе компаниясы. Оның акционерлерінің қатарында кәсіпкер Тимур Турлов та бар және ол компаниядағы ірі үлесті бақылайды.