Air Astana бөлімшесінде қазақ тілі қолданылмаған: жолаушы наразылық білдірді

Қаракөз Амантай 02 сәу. 2026 13:15

Әлеуметтік желі қолданушыларының бірі Air Astana әуе компаниясының бөлімшесінде қазақ тілінің қолданылмауына қатысты шағымданды. Оның айтуынша, ақпарат тақталары мен жазбаларда мемлекеттік тіл ескерілмеген, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Желі қолданушысының сөзінше, Ыстанбұл әуежайындағы Air Astana бөлімшесінде ақпарат бірнеше тілде берілген. Алайда оның реті сақталмаған, кейбір жазбаларда қазақ тілі мүлде қолданылмаған.

“Үш тілде жазып қойыпты. Қазақтарға қызмет көрсетпейді-ау деп ойладым. Бірінші түрікше, екінші қазақша, үшінші ағылшынша жазып қойса түсінетін едім. Бұл ресейлік емес, өзіміздің қазақстандық компания емес пе?

Одан бөлек регистрация жасайтын жерде таблоларында ағылшынша және орысша жазып қойыпты. Қаным қарайғаны-ай”, - деп жазды Zhaksytaev есімді желі қолданушысы.


Расымен, автор желіде жариялаған ақпараттық тақтада қазақ тілі қолданылмағаны көрінеді. Бұл жайт әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр. 


Айта кетейік, Қазақстанда мемлекеттік тіл –қазақ тілі. Сондықтан қоғамда отандық компаниялар, әсіресе ұлттық тасымалдаушылар қызмет көрсету барысында қазақ тіліне басымдық беруі керек деген талап жиі көтеріледі.

Қазіргі уақытта Air Astana аталған жағдайға қатысты ресми түсініктеме берген жоқ.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove