«Әділет» 110 мандатпен Құрылтайдың басым партиясына айналды

«Әділет» 110 мандатпен Құрылтайдың басым партиясына айналды
Dala News

«Әділет» партиясы Қазақстандағы алғашқы Құрылтай сайлауында жеңіске жетіп, 110 депутаттық мандатқа ие болды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының алдын ала дауыс санау қорытындысы бойынша белгілі болды.

Алдын ала есеп бойынша, сайлаушылардың басым бөлігі «Әділет» партиясына дауыс берген. Партия 71,17% дауыс жинаған.

Қалған саяси ұйымдардың нәтижесі төмендегідей:

•⁠  ⁠«Ауыл» партиясы - 6,26%, 10 мандат;
•⁠  ⁠Respublica - 5,56%, 9 мандат;
•⁠  ⁠«Ақ жол» демократиялық партиясы - 5,21%, 8 мандат;
•⁠  ⁠Жалпыұлттық социал-демократиялық партия - 5,11%, 8 мандат;
•⁠  ⁠Қазақстанның Халық партиясы - 3,11%;
•⁠  ⁠«Байтақ» Қазақстан жасылдар партиясы - 1,07%;
•⁠  ⁠«Барлығына қарсымын» нұсқасы - 2,51%.

Осылайша, алдын ала қорытынды бойынша Құрылтайдағы депутаттық мандаттардың негізгі бөлігі «Әділет» партиясына тиесілі болады.

Айта кетейік, 23 тамызда өткен Құрылтайдың алғашқы сайлауынан кейін жарияланған экзитпол нәтижелері де «Әділет» партиясының жеңісін көрсеткен. 24 тамыздағы алдын ала дауыс санау нәтижесі де партияның көш бастағанын растады.

Құрылтай сайлауының түпкілікті қорытындысын Орталық сайлау комиссиясы заңнамада белгіленген тәртіппен жариялайды.