Балқаш жағалауында көлікпен қауіпті әрекет жасаған жүргізуші 10 тәулікке қамалды, деп хабарлайды dalanews.kz.
Полиция қызметкерлері Алматы облысы Жамбыл ауданы Балқаш көлінің жағалауында адамдар, балалар шомылып жүрген кезде Mercedes-Benz көлігімен суды кешкен 40 жастағы жүргізушіні анықтаған.
Ол осы әрекетімен айналасындағылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірген. Күдікті Тараз қаласының тұрғыны болып шықты.
"Сот шешімімен ол 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды. Көлік арнайы тұраққа қойылды", - деді полиция.
ІІМ өкілдері демалыс орындары қауіпті ойын-сауық құратын орын емес екенін ескертті.