Адам ұрлау, бопсалау: ҰҚК қылмыстық топ мүшелерін ұстады

Адам ұрлау, бопсалау: ҰҚК қылмыстық топ мүшелерін ұстады
ҰҚК

ҰҚК қылмыстық топ мүшелерін ұстады, деп хабарлайды dalanews.kz.

Жыл басынан бері ҰҚК полициямен, прокуратурамен бірлесіп, еліміздің бірқатар өңірінде 24 қылмыстық топ мүшелерінің заңсыз әрекетінің жолын кескен.

Бопсалау, адам ұрлау, қаруды заңсыз сақтау және басқа да ауыр қылмыстар жасады деген күдікпен 169-дан аса адам, соның ішінде топ жетекшілері ұсталған.

Шекара маңында, өнеркәсіп және қоршаған ортаны қорғау салаларында заңсыз кіріс көздері анықталып, жойылған. Бұл деректер бойынша соталды тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.