Суыт хабарды ҚМБД баспасөз хатшысы Ағабек Қонарбайұлы хабарлады.
"Мүфтиятты он жылдан астам басқарған, ғұмырын білім мен ғылымға арнаған Әбсаттар қажы Дербісәлі ауыр хәлде жансақтау бөліміне түсіпті... "Достан – дұға" дегендей, Алладан шипа тілеп қойсаңыздар. Алла Тағала барша науқас жандардың дертіне шипа бергей. Сынақты сәттен аман-есен өтуді нәсіп еткей", деп жазды ол Facebook-тегі парақшасында.
Айта кетсек, Әбсаттар Бағысбайұлы Дербісәлі (15 қыркүйек 1947 жылы туған, Түркістан облысы Түлкібас ауданы) – шығыстанушы, дінтанушы, әдебиет зерттеуші, жазушы, сыншы, филология ғылымдарының докторы, 1-сыныпты кеңесші, дипломатиялық лауазым иесі.