Әблязовтың анализдері "аса емес" болып шықты - Dala inside

Dalanews.kz 05 там. 2025 14:30

Өзін оппозиционермін деп таныстыратын қашып жүрген қылмыскер Мұхтар Әблязовтың соңғы анализдері дәрігерлердің бір нәрседен сезіктенуіне себеп болды дейді, DALA INSIDE дереккөзі. Бір сөзбен айтқанда, қатерлік ісіктің әлдебір формасына деген күмән бар және оны аяғына дейін анықтау үшін бірнеше гистологиялық және томографиялық тексеруден өту қажет болып тұр, деп хабарлайды Dalanews.kz

"Мұхтар Әблязовтың 100 мың евро жинау үшін хабарландыру беруі тегін емес. Енді ол өз қалтасынан координаторлық штабты қаржыландыра алмайды. Себебі тексерілу мен тиісті емделуге зор қаражат кетейін деп тұр. Қазір онда ақша ресурсы өте шектеулі", - дейді, дереккөз.

Оның ойынша, алдағы 2-3 жылда Әблязов ақпараттық-саяси аренадан біржолата кетеді. Қазір ол 62 жаста және денсаулық мәселесіне көбірек көңіл бөлуге мәжбүр болмақ. Бір жағынан оған Қазақстандағы ақпараттық ықпалының салмағы мүлде төмендеп кеткені де әсер етуі тиіс. Қазір Қазақстан халқы Мұхтар Әблязов деген адамның бар екендігін де ұмыта бастағаны байқалады.

"Ол өз заманында "Назарбаев VS Әблязов" саяси тартысының қатысушысы ретінде қабылданды. Назарбаев саяси аренадан кеткеннен кейін Әблязов та өзінің актуалдылығын жоғалтты. Қазір оған ешкім назар аудармайды", - деп ой пішеді дереккөз.

Әблязовтың ауруы қаншалықты қауіпті? Оны тек дәрігерлер анықтай алады. Отанынан қашып жүріп өмірден өткен олигарх Борис Березовскиймен салыстыратын болсақ, Борис Абрамұлы 67 жыл өмір сүрген болатын.

Мұхтар Әблязов 2017 жылы Алматы соты үкімімен 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілген болатын. Қашып жүргендіктен оның осы мерзімі өтелген жоқ. Және ол амнистияға ілікпейді.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар