Әбілқайыр Сқақов анлар мен қыз-келіншектерді төл мерекесімен құттықтады

Dalanews 06 нау. 2020 16:45 675

Павлодар облысының әкімі көп балалы аналарды келе жатқан 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады. Әбілқайыр Сқақов оларға мемлекет басшысының  атынан «Күміс алқа» және  «Алтын алқа» белгілерін тапсырды.

Салтанатты кездесу Достық үйінде өтті. Алтын және күміс алқаларды тапсыру рәсіміне бүкіл өңірдің көп балалы аналары қатысты. Жұбайымен үш ұл мен үш қыз тәрбиелеп отырған Светлана Васюкевич Ертіс ауданынан келді. Светлананы халықаралық әйелдер күнімен үнемі ұл-қыздары құттықтайды.

–  8 наурыз күні олар мені таңертеңнен құттықтай бастайды, – деді  Светлана Васюкевич. – Олар өздері ашық хаттар мен гүлдер жасап, сыйға тартады. Мен үшін ең басты сыйлық – балаларымның құттықтаулары.


Сонымен бірге, «Күміс алқа» белгісі Абрарова Шолпан, Асылғазы Динара, Ауған Айытжан, Ахметова Жібек, Байзақова Нағира, Қалиева Айнаш, Қапасова Бақытгүл, Көшкінбаева Айнагүл, Көшербаева Айнаш, Нұржанова Айгүл, Нұрханова Сәнитас, Өмей Күміс, Паначухиди Елизавета, Смағұлова Назигүл және Шаншарова Ақмаралға берілді.  Жақсылықова Күланар, Құрманалиева Шолпан және Тасқаранова Тәттігүлге «Алтын алқа» белгілері тапсырылды. Әйелдерге айтқан сөзінде аймақ басшысы қоғамдағы бірлік пен ынтымақ нәзік жандылардың арқасы екендігін атап өтті.

– Сіздер тәуелсіз Қазақстанның өскелең ұрпағын тәрбиелеп, ұл-қыздарыңыздың бақыты үшін, яғни, еліміздің бақуаттылығы жолында еңбек етіп келесіздер, – деді Әбілқайыр Сқақов. – Біз, ер азаматтар сіздерге отбасындағы қамқорлық, жарқын болашақ құрудағы еңбектеріңіз үшін мәңгі-бақи қарыздармыз. Сіздерге мықты денсаулық, тамаша көңіл-күй, өмірлеріңізде жарқын сәттердің көп болуын тілеймін.


Қазіргі таңда Павлодар облысында 12 мыңнан астам көп балалы отбасы тұрып жатыр. «Күміс алқа» белгісі алты бала тәрбиелеп отырған, ал, «Алтын алқа» алты және одан да көп балалар өсіріп жатқан аналарға беріледі.

 

Тағаы оқыңыз:


https://dalanews.kz/50285

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар