Облыс әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков мұндай ақпаратты қайдан алғанын ашып айтпады. Десе де, жұмысшылары жеуге нан таба алмай отырғанда отбасымен шетел асатындар Қарағанды облысында жететінін жасырын жоқ. Әкім айтуынша, қарапайым халық айлығына қол жеткізе алмай жүргенде кейбір басшылар Еуропада Головкиннің кездесуін тамашалап жүргенін де айтып қалды. Өңір басшысы қарапайым халықтың жағдайына жүрдім-бардым қарайтын шенділерді жазасыз қалдырмайтынын ескертті. Нұрмұхамбет Өз кезегінде Нұрмұхамбет Әбдібеков:
– Ойланыңыздар, заңгерлермен ақылдасыңыздар. Мен айтқандай жұмысшының коммуналдық қарызын жұмыс берушіге аударуды қарастырыңыздар. Сосын су мен жарығын қиып тастайық. Бірақ жарықты дизелді генератормен қосып алады. Суын өшіріп тастайық онда? Қысқасы, бірдеңе ойлап табыңдар, – деді.