Абай облысының оқушылары мүмкіндігі мол тасымалдаушы робот-машина жасады

Dalanews 28 жел. 2023 05:44 871

Абай облысының оқушылары заманауи робот-машина жасады. Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы №5 көпбейінді гимназия және Электротехникалық колледж студенттері мен мұғалімдерінен құралған команда робот-машинаны REV наборынан жасап шығарды.

Бұл ерекше тасымалдаушы робот-машинаның артықшылығы – жинақталуы стандартты емес. Тапсырмаларды басқа роботардан қарағанда сапалы әрі тез орындайды. Сондай-ақ балаларға инженерлік ойлау қабілетін дамытуға көмектеседі. Роботты жасағанда 4 дөңгелекке төрт мотор қосқан. CONTROL HUB - тың қасына көп проводтар жалғау арқылы роботта бірден бірнеше жұмыс атқара алу мүмкіндігі пайда болады. Ойын уақыты 2 мин 30 секундқа созылады.

Алғашқы уақытта автономды режимде персель-пиксель жинайды, соңғы секундатарда ұшақ ұшырады, яғни дрон мүмкіндігі қарастырылған.  Ойыншы соңғы кезеңде паркинг жасауы қажет. 15 тапсырмадан тұратын өте қиын ойында жас ерекшеліктер қарастырылған.  7 – 11 сынып оқушылары басқарып, ойнай алады.

Оқушылардың ойлау қабілетін жақсартуға, логикасын дамытуға ықпалын тигізетін қызықты ойын машинасына ерекше ат қойып, қазақи нақышта «Шаңырақ» атауымен команда құрған. «Феникс» тасымалдаушы роботпен бірнеше жарысқа қатысты, құс атына сай қойған машина әр жарыс сайын қайта түрленіп отырады.


«Шаңырақ» команда мүшелері робот-машинаны республикалық сайыста қорғады. Еліміздегі басқа аймақтармен салыстырғанда 50 артық пиксель жинап, жүлделі 1-орынға ие болып, Индонезияға жолдама алды. Қазіргі таңда халықаралық кезеңге дайындалып жатыр.



Болашақта Облыс әкімі және білім басқармасының қолдауымен машинаға қажетті жиынтықтар алуды жоспарлап отыр.

«Қазіргі күні біз REV наборымен шектелмей STUDICA, TETRIX наборларымен жұмыс жасаймыз. Робот өте көп жұмыс атқарады. Henk, Drone және пикселдерді арнайы формаларға жинайды. Expansion hub элементі бізде дәл қазір жоқ. Сол зат болса, роботқа бір уақытта жан-жақты жұмыс жасауына мүмкіндік береді»,-дейді авторлар. Абай облысы балаларын бір шаңырақ астына жинап, қазақи нақышты дәріптеп жүр.



Команда құрамында: колледж бен гимназия оқытушылары Ерасыл Нурекенов, Айдос Тұрсынбеков, Альмира Муратова, гимназия оқушылары Олжас Самархан, Ерасыл Канагатов, Радми Жеңісбек, Абылхан Темірлан, Айым Серікбаева, Аңсар Альжанов, Әкежан Хозыев, Руслан Нестеренко, студенттер Азамат Қабылсовет, Аңсар Оразгалиев.



Айта кетейік,  Абай облысы команда құрамасы «Almaty Tech Cup-2023» ІХ Халықаралық робототехника, бағдарламалау және инновациялық технологиялар бойынша ашық чемпионатына қатысты. Чемпионат қорытындысы бойынша Абай облыстық құрамасы Индонезияда өтетін әлем чемпионатына жолдама алды.

 

Абай облысы білім басқармасының баспасөз қызметі

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар